Қазақстанда трансшекаралық сауда хабтары желісі  құрылуда

Қазақстанда трансшекаралық сауда хабтары желісі  құрылуда

Қазақстанның 5 шекаралық аймағында көлік-логистикалық және сауда желісі құрылуда.  Каспий торабында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу жобасы толық қарқынмен жүріп жатыр. Терминалдың қуаты жылына 10 млн тоннаны құрамақ. Жобаны 2030 жылы аяқтау межеленген. Жалпы жаңа терминалдар, көлік-логистикалық орталық пен қажетті темір жолдардың құрылысы көзделген. Мұның бәрі 2023 жылы Каспий маршрутының экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді дейді Қазақстанның билік өкілдері. Сондай-ақ «Алатау» сауда-логистикалық кешенін индустриялық аймақ ретінде іске қосу жоспарланып отыр. Ол 2026 жылдың 2 тоқсанына іске қосылмақ. Ал Ресеймен арада «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы құрылады. Ол арқылы жүктер көрші ел және Шығыс Еуропаның бірқатар елі мен қалаларына жіберіледі. Құрылыс 2024 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде. Қытаймен шекарлас жерде азық-түлік хабын құру отандық және шетелдік өндірушілердің өнімдерін сақтауға және таратуға мүмкіндік береді. Бұған теңіз өнімдері, жемістер мен көкөністер, ет, сүт және мұздатылған өнімдер кіреді. Кейін осы жерден аспан асты елі мен Азия-Тынық мұхиты нарықтарына экспортталады. Қорғас торабының дамуы тұтастай алғанда Қазақстан мен Қытайдың азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді.