Жылыту маусымына 40 млрд теңге бөлінді

Жылыту маусымына 40 млрд теңге бөлінді

Жаз аяқталмай жатып жылыту маусымына қатысты тақырыптар күн тәртібіне шықты. Ол үшін биыл 40 миллиард теңге бөлінген. Бірақ соған қарамастан тариф қымбаттамақ. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында баяндалды. Жауаптылардың сөзінше бұған дейінгі маусымдарда болған апаттар қайталанбайды. Ол үшін кезең-кезеңімен жөндеу жұмысы көзделген.