2023 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 140 млрд долларға жетті

2023 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 140 млрд долларға жетті

Былтыр Қазақстанның сыртқы саудасы 140 млрд доллар шамасында болды. Тауар айналымының бұл көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 3,2% артық. 

 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл ретте экспорттың үлесі АҚШ валютасында 79 млрд құраған.  Сыртқы нарыққа негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, уран, тазартылған мыс, мыс кендері мен концентраттары, ферроқорытпалар, бидай жөнелтілді. Бұл отандық өнім түрлерін негізгі тұтынушы елдер Италия, Қытай, Ресей, Нидерланды, Түркия және Оңтүстік Корея.


Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне Қазақстан 11 млрд доллардың тауарын экспорттады.