Standard Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Standard Poor's халықаралық рейтинг агенттігі қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам тұрақты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Сонымен қатар өтімді сыртқы активтерінің болуы. Сарапшылар мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті. Бұл ретте агенттіктің мәліметіне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және ол Қазақстанның негізгі мұнай және газ экспорты нарықтарына шығуында іркілістерге алып келмейді. «Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру бойынша шаралар аясында жалғаса береді», – дейді сарапшылар. Жалпы Standard Poor's Қазақстан экономикасының 2022 жылы 3,6% деңгейінде және 2025 жылға дейін орта есеппен 4% жуық өсімін болжап отыр.