Ядролық энергетиканың насихатын күшейту керек
Ядролық энергетиканың экономикалық және
экологиялық пайдасын халыққа кеңінен түсіндіру қажет. Халықаралық Radiant
Energy Group компаниясының жетекшісі осылай дейді. Ричарт Оликтонның айтуынша,
бұл тұста халықаралық тәжірибені ескеру керек. Аталған компанияның зерттеу
нәтижесі - атом энергетикасын қолдайтындар қарсы шыққандардан көп екенін
анықтады. Бұған Еуропа мен Америкадағы энергетикалық дағдарыс себеп болған.
Әлемде ядролық энергия сенімді қуат көзі болып саналады. Сондықтан, осы
ақпаратты халыққа түсіндіру маңызды, - дейді Ричарт Оллингтон.

