Былтыр Қазақстан 12 мыңнан астам көлікті экспорттаған

Былтыр Қазақстан 12 мыңнан астам көлікті экспорттаған

Былтыр Қазақстан 12 мыңнан астам көлікті экспорттаған. Ал жыл басынан бері сыртқы нарыққа жеткізілім 45 процентке өсті. Елде құрастырылған көліктерді Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан сатып алады. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитеті  хабарлады. Жалпы 2021 жылы республикада 93 мың автокөлік шығарылды. Мамандардың айтуынша, биыл бұл көрсеткішті 100 мыңнан асыру жоспарланып отыр. Айта кетейік, алғашқы төрт айда конвейерден 22 мыңнан астам жаңа көлік шықты. Бағаның өсуіне қарамастан отандық көліктерге сұраныс артып келеді. Дегенмен, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы әлі де төмен, - дейді мамандар.

Анар Мақашева, Қазақстандық автокөлік бизнесі қауымдастығының Вице-президенті:

– Қазақстандағы көліктердің құны басқа нарықтарға қарағанда әлдеқайда арзан. Иә, әлем нарығында Қазақстаннан арзанырақ болатын кейбір модельдер бар. Бірақ бір модельді, опциялы және жабдықты автокөліктерді салыстыру керек. Сонда өндірушілер мен өндірушінің ресми өкілдерінің құнында аса өзгеріс жоқ екенін байқаймыз.

Айта кетерлігі, 2021 жылы жаңа көліктерді сатудағы отандық өнімнің үлесі 65 процентті құрады. Биыл бұл көрсеткіш жеңілдетілген автонесие бағдарламасына байланысты ұлғаюы мүмкін. Өндірушілер осының аясында туындаған барлық сұранысты қанағаттандыруға дайын екенін атап өтті.