Қазба байлықтан түскен табыстың бір бөлігі ауыл бюджетіне беріледі
Енді қазба
байлықтардан түсетін салықтың бір бөлігі ауыл бюджетіне беріліп отырады. Сенат
отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осылай деді. Сөзіне
қарағанда, бұл төртінші деңгейлі бюджетті толтырудың тиімді жолы. Осы уақытқа
дейін оның кірісі 3 жарым есе ұлғайған. Қазір оған 25 салық пен төлем түрі
кіреді. Мәселен, былтыр төртінші деңгейлі бюджет 380 млрд теңгеге толықса, оның
112 млрд-ы таза пайда болған. Үкімет кірісті көбейтетін қосымша тетік әзірлеп
жатыр. Ол қолданысқа енсе, ауыл қазынасына берілетін салықтық түсімдер шамамен
85 пайызға ұлғайюы тиіс. Қаржы ауыл тұрмысы мен инфрақұрылымын реттеуге
жұмсалуы тиіс.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің
орынбасары:
- Біз бұдан басқа заң
шығару бастамаларына жекелеген салық түсімдері арқылы кіріс базасын кеңейтуді
ұсынып отырмыз. Оның ішінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу үшін
лицензиялық төлемдер. Аудандық мәслихат шешімі бойынша мүлік салығы
түсімдерінің 50 пайызы беріледі.

