Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Көкшетауда күзгі жәрмеңкелер басталды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жәрмеңке аясында өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 процентке арзан сатады. Тұрғындар үшін де бұл жәрмеңкелер азық-түліктің қорын жасап алуға зор мүмкіндік. Әсіресе, ет, жұмыртқа, күнбағыс майына сұраныс жоғары.

