Президент банк туралы заңға қол қойды

Президент банк туралы заңға қол қойды

Бүгін Президент банк туралы заңға қол қойды. Құжатта 6 негізгі өзгеріс жасалған. Олардың барлығы банк қызметін реттеп, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, цифрлық активтерді заңдастыру жолы қаралған. Бұл банк жүйесінде 5 жыл жүргізілген реформаның аяқталуы десек те болады. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеу мен дамыту, банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізген заңға да қол қойды. Тақырыпты тілші тарқатсын.

Банк жүйесіне өзгерту жасайтын заң 5 сарапталып, былтыр қыркүйекте мәжіліске әкелінген. Нәтижесінде, 6 негізгі бағыт өзгерді. Енді банк ашу шаруасы оңай болмайды. Оған мемлекет қатарынан екі лицензия алу қажет. Олар: базалық және әмбебап. Екіншіден, цифрлық активтер заңдастырылған. Енді цифрлық теңге деген ұғым халық қоланысына енеді. Сондай-ақ, енді кәдімгі банктердің өзі пайызсыз, ислам талаптарына сай өнімдер ұсынатын болады. Ол үшін жарды ұйымның исламдық банк болуы шарт емес. Тағы бір өзгеріс, банктерге жасырын комиссия қосуға, жалған ақпарат беруге тыйым салынады. Оны жаңадан құрылатын қаржы омбудсманының бірыңғай офисі қадағалап отырады. Егер банк банкрот болса, халықтың депозиттегі ақшасы қорғалады. Жаңа тәртіп бойынша алдымен банк иелері жауап береді, ал шығынды акционерлер көтереді.


Негізгі 6 өзгеріс:

1. Банк қызметін тепе-тең реттеу;

2. Цифрлық активтер мен цифрлық теңге;

3. Исламдық банкингті дамыту;

4. Тәуекелге негізделген қадағалау және тұтынушыны қорғау;

5. Төлемге қабілетсіз банктерді реттеу;

6. Тәуелсіз директорлар институты күшейеді.


Айнұр Бейсенова, Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциалдық реттеу департаментінің бас маманы, экономист:

- Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау үшін, дауларды сотқа дейін реттеудің 3 деңгейлі жүйесі енгізіледі. Шағымдарды бастапқыда қаржы ұйымы қарайды. Егер мәселе шешілмесе, қаржы омбудсменіне жіберіледі. Жүйелі бұзушылықтар болса, мәселе уәкілетті органдарға жіберіледі. Бұл шаралар алаяқтықтың алдын алуға және қызмет сапасын арттыруға бағытталған.


Осы өзгертістердің ішінде цифрлық актив деген ұғым бар. Оны әдетте түсіну қиын. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл - электронды ақша. Яғни, қағаз емес, бірақ нақты бағасы бар. Жаңа заңда цифрлық активтерге ресми түрде рұқсат беріліп отыр, тек мемлекеттің қатаң бақылауында болады. Сондай-ақ, криптовалюта айырбастайтын ұйымдар ашылады. Егер биткоин жинайтын адам болсаңыз, бұл жаңалық сізді қуантуы тиіс. Енді оған лицензияны Ұлттық банк береді. Сөйтіп, көлеңкеден шығарылмақ.


Азамат Абдраман, ҚҰБ Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің жетекші экономист-маманы:

- Мысалы, бұрын автокөлікті сатып алу делдалдардың көмегімен ұзақ уақыт талап етсе. Цифрлық теңге арқылы ешқандай делдалсыз, уақыт үнемдеп Сатып алушы өзінің құқық меншігін реттемейінше цифрлық теңге сатушының шотына аударылмайды. Мемлекеттік сатып алуларда біз қаражаттың мардымды қолданылуын қамтамасыз ете алмыз.


Айтпақшы, 6 айдан кейін қаржы нарығына цифрлық теңге деген де құрыл қолданысқа енгізіледі. Бұл Ұлттық банк шығаратын ресми электронды ақша. Демек, енді дүкеннен қандайда бір тауар аларда қолма-қол ақша және мобильдік төлемнан басқа, цифрлық теңгемен де есеп айырыссаңыз болады.

Дильназ Ерланқызы, Қожабек Аханов.