Қаржы секторындағы цифрлық шешімдер талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма
төрағасы Герман Грефті қабылдады. Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті
мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері,
сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану
перспективасы талқыланды.

