Туристік аймақтарда әмбебап құтқару бөлімшелері ашылды

Туристік аймақтарда әмбебап құтқару бөлімшелері ашылды

Туристік аймақтарда әмбебап құтқару бөлімшелері ашылып жатыр. Ол демалыс орындарында жедел көмек көрсетуге арналмақ. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтуынша,  жедел көмек көрсету бағыттары үш топқа бөлінген. Алғашқы медициналық, өрт сөндіру, құтқару қызметтері де бар. Әмбебап құтқару бөлімшелері тәулік бойы жұмыс істейді. Қазір 42-сі іске қосылған. Олар Алакөл, Көлсай мен Бурабайда да орнатылған. Алдағы уақытта тағы тоғызы ашылмақ. Сондай-ақ, 6 құтқару станциясы салынады. Дені туристер көп жеретін жерлер - Балқаш, Қапшағай, Бұқтырма су қоймаларының жағасында, Баянауыл курорттық аймағында орналаспақ.