Сербияда 44 қазақстандық компания жұмыс істейді
Бүгін Қазақстан мен Сербияның бизнес қауымдасты кездесулерін бастап кетті. Мақсат - серіктестік қатынасын кеңейтіп, инветицияны арттыру. Әрине, әзірге екі елдің алыс берісі анау айратырлықтай көп емес. Десе де нарықтық қатынас орнаған. Мәселен, Сербияда қазір қазақстандық 44 компания жұмыс істейді. Бұдан бөлек, форумда экономикалық ынтымақты арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар құжатқа қол қойылды. Қос тарап әсіресе агроөнеркәсіп, машина жасау, IT, логистика, «жасыл» энергетика және фармацевтикада байланысты күшейтпекші. Бизнес форумға әріптесім Зұлқарнай Ермұратұлы қатысқан еді.

