Көлік дәліздерінің мүмкіндіктері талқыланды

Көлік дәліздерінің мүмкіндіктері талқыланды

Логистикалық тізбектердің үзілуіне жол бермеу және жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүк тасымалдаушылар халықаралық көрмеде бас қосып, көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін талқылады. Жаңа бағдарлар құны, жылдамдығы мен қауіпсіздігі жағынан тасымалдаушылар мен жүк қабылдаушылардың көңілінен шығу керек. Екіншіден, санкцияларға ілікпеуі қажет. Қазақстанның транзиттік және экспорттық тауарлары қазір Транскаспий халықаралық көлік бағдарына ауыса бастады. Шетелдік жаңа серіктестермен белсенді түрде келіссөздер жүріп жатыр.

Тимур Қарабаев, ҚР Теміржол көлігі мен инфрақұрылым оператор-компаниясы Басқармасының Төрағасы:

 – Қазір сауда жолдарын қалай дұрыс құру туралы ешкім білмейді. Қандай әрекеттер санкцияға соқтыратыны белгісіз. Егер Қазақстан бизнесі активтерін оңтайлы пайдаланса, жөнді жүйе құруға мүмкіндік бар. Бұл жүк тиейтін терминалардар, жүк көліктері мен локомотивтерге қатысты болып тұр.

Джулия Шабанова, тасымал компаниясының директоры, Грекия:

– Осындай дәліздердің бірі - Транскаспий халықаралық көлік бағдары. Кезінде оны Қазақстан теміржолдары салған және оны толық қолданатын кез келді. Ол Құрық айлағынан Каспий теңізі арқылы Еуропаға немесе Батуми арқылы Баку-Тбилиси-Карске өтеді. Ыстамбұл немесе Мерсинге жеткізуге болады. Осындай дәліздерді қазір жүзеге асырып жатырмыз.

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия бірлескен көлік-логистикалық компания құру туралы келісті. Жүк тасымалын арттыру үшін Ақтау еркін экономикалық аймағында контейнер хабын құру жоспарда бар.