12 мың шақырым инженерлік желі жаңарады
Биыл Қазақстан
халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Олжас Бектенов AMANAT партиясы
фракциясының кеңейтілген жиынында айтты. Бұл мақсатта 300 миллиард теңгеден аса
қаражат бөлінген. Осылайша судан тарығып отырған 17 қала мен 463 ауылдың мәселесі
шешілмек. Бұдан бөлек 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеуге 600 миллиард
теңгеден астам инвестиция тартылыпты. Бірақ бұл шеттен келген қаржы емес.
Жаңару «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асады.
Түсіндіре кетейін. 2019 жылдан бері Үкімет инфрақұрылымдық компанияларға
тарифті көтеруге рұқсат беріп келеді. Бірақ кәсіпорындар халықтан жиналған
қосымша табысты қалтаға баса алмайды. Қаржы жабдықтарды жаңарту, өндірістік
қуатты кеңейту мен жаңа технология енгізу үшін жұмсалуы тиіс.

