Шағын және орта бизнестің несиеге сұранысы артты

Шағын және орта бизнестің несиеге сұранысы артты

Бұл туралы банктер арасындағы сауалнама нәтижелері негізінде Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті мәлімдеді. 2021 жылдың II тоқсанында шағын бизнес тарапынан банктерге 155 мың өтінім түскен. Жалпы несие өтінімдерінің саны осы аралықта 9% өсті. Үшінші тоқсанда банктер кәсіпкерліктің барлық сегменті тарапынан сұраныстың артуын болжап отыр. Сонымен қатар банктер әзірге несие беру талаптарын өзгертпейтінін хабарлады.