Қазақстан Торонтодағы халықаралық тау-кен көрмесіне қатысып жатыр

Мұнда пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және игеру индустриясының мүмкіндіктерін отандық делегация ұсынды, деп хабарлайды Қазақинвест. Оның құрамына ірі компанияларды қосқанда 50-ге жуық мемлекеттік және жеке сектор өкілдері кірді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров атап өткендей, ұлттық павильонның жұмысы өзге елдермен экономикалық ынтымақтастықты ынталандыратын болады. Қазақстан бүгінде тау-кен және металлургия өнеркәсібін дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Оның үлесіне ұлттық экспорттың 60 проценті тиесілі. Сонымен қатар еліміз 60-тан астам түсті металдар кен орындарын игеруге шақырды.

Айта кетейік, Канада-Қазақстан бизнес форумы Торонтода өтеді. Жыл сайын  PDAC-2023 көрмесін әлемнің 130 мемлекетінен 25 мыңнан астам адам тамашалайды.