Анкара мен Астана алыс-берісі 40 пайызға өскен
Астана мен Анкара арасындағы алыс-беріс жаңа белеске
көтерілді. Екі елдің тауар айналымы биылдың алғашқы тоқсанында-ақ 1 миллиард
650 миллион долларға жетіп, 40 пайыздық өсім көрсетті. Әсіресе, отандық
өнімдердің Түркия нарығына экспорты үдеп, көрсеткіш 60 пайызға бір-ақ секірді.
Қазақстаннан Анадолыға негізінен мыс, шикі мұнай, өңделмеген алюминий мен мырыш
жөнелтілуде. Сондай-ақ, күнбағыс тұқымы мен құбыр арматурасына да сұраныс
жоғары. Десе де, табиғи газ, мақта талшығы мен кейбір көкөніс түрлерінің экспортында
бәсеңдеу байқалады. Түркия тарапынан келетін импорт көлемі керісінше, 8 пайызға
жуық төмендеген. Бұған құрылыс материалдары мен әйелдер киімінің тасымалы
азайғаны себеп болып отыр. Дегенмен, түрік ағайындардан келетін машиналар мен
механикалық құрылғыларға, дәрі-дәрмек пен дайын азық-түлік өнімдеріне деген
қызығушылық арта түскен.

