Шетелге кеткен капиталды қайтару жөніндегі комиссия құрылды

Шетелге кеткен капиталды қайтару жөніндегі комиссия құрылды

Қазақстанда шетелге кеткен капиталды қайтарумен айналысатын арнайы комиссия құрылды. Оның аясында бес Жұмыс тобы әрекет етеді. Бұл туралы Премьер-министр  Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен  кеңесте белгілі болды. Ынталандыру шараларының біріне сәйкес    валюталық түсімнің 80%-іне айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған қосымша құн салығы жеңілдетілген тәртіппен өтелуі мүмкін. Ал резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде  салықтық жеңілдіктер жойылады.

Сондай-ақ «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңды жетілдіруге бағытталған нормалар дайын. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар Мемлекет басшысына жолданатынын жеткізді.