Олигархтардан қайтарылған активке 22 әлеуметтік нысан салынады

Олигархтардан қайтарылған активке 22 әлеуметтік нысан салынады

Елден сыртқа заңсыз шығып кеткен млрд-тарды қайтару науқаны әлі де жүріп жатыр. Активтерді қайтару комитеті 3 жыл ішінде 2 трлн теңге мемлекетке кіргізіпті. Енді сол қаражат шетінен өңірдегі кем-кетіктерді реттеуге жұмсалып жатыр. Үкімет Ақтөбе облысына 1,4 млрд, ал Ұлытауға 4 млрд теңге бөледі. Сөйтіп, 22 әлеуметтік нысан салынбақ. Мәселен, Ақтөбедегі Ырғыз, Нұра, Байғанин, Ноғайты ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылса, Шалқар, Шоқысу, Сарысай бастаған 6 ауылда шағын емдеу мекемесі, ал Мұғалжар, Жарық Тоғыз, Қобда елді-мекенінде дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Әрине, бәрі де шағын. Десе де тәулігіне кемі 25 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы болуы керек деген талап бар. Олигархтардан қайтарылған активтің тағы 4 млрд теңгесі Ұлытау облысының әлеуметтік даму қорына берілген. Ол жақта мектеп пен аурухана салынады.