Мемлекет басшысы IT бизнестің ірі өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы IT бизнестің ірі өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы IT бизнестің ірі өкілдерімен кездесті. Олар Digital Bridge форумының қатысушылары. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың аясын талқылады. Осының нәтижесінде Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға қажетті есептеуіш қуатының хабын құру және сала мамандарының біліктілігін арттыру көзделіп отыр. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Presight компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхаммен кездесу барысында белгілі болды. Қазір осы бағытта «Самұрық-Қазынамен» бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр.

Ал SpaceX-ң Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен ел Президентімен компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспарымен бөлісті. Ол еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев  америкалық компанияның тең құрылтайшысы және Дрейпер Университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпермен стартаптар индустриясын дамыту мәселелерін талқылады. Президент венчурлық капитал нарығын құру үшін Қазақстанда берік институционалдық, құқықтық және қаржылық негіз қаланып жатқанына назар аударды. Сондай-ақ танымал Meet the Drapers  реалити-шоуының бір эпизодын елімізде түсіру туралы бастаманы құптады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы TikTok-тың бас директорымен кездесті. Тараптар танымал платформа арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелерін қарастырды. Шоу Чу Astana Hub пен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын жүзеге асырып жатқанын айтты.Бұл қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасы.