Қазақстандық инновациялық өнімдерді әзірлеушілер мемлекеттік гранттар ала алады

Қазақстандық инновациялық өнімдерді әзірлеушілер мемлекеттік гранттар ала алады

Сондай-ақ коммерцияландыру және экспортты ілгерілету саласында отандық әзірлеушілерге қолдау көрсетіледі. Байқау шарттары Ұлттық кәсіпкерлер палатасында талқыланды.  Осылайша, оған кемінде 4 және 6 адамнан аспайтын жобалық топтар қатыса алады. Шарт бойынша жоба үш жыл ішінде аяқталып, сатылымға шығуы тиіс.

Іскер серіктесті қоса қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ін құрауы тиіс. Жобаларды қолдану аясы да кең болуы тиіс. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, цифрландыру, геологиялық барлау, энергетикалық кешенді жаңғырту, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, металл өңдеу, туризм және т.б салалар. Үздік әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі арнайы құрылған ұлттық ғылыми кеңес таңдайды.