Франция қазақ жылқысының етіне қызығушылық танытты

Франция қазақ жылқысының етіне қызығушылық танытты

Франция жылқы етіне қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы осы елдің Қазақстандағы елшісі Сильван Гиуэ ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесуінде айтты. Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 67 миллион долларға жетті. Тараптар енді жылқы етінің экспортын арттырмақ. Қазан айының басында Францияда өткен мал шаруашылығы саммиті аясында екі елдің компаниялары жылқы етін жеткізу бойынша келісімге қол қойған.