Қазақстан IT-қызметтерінің экспорты 2024 жылы 500 млн долларға жетуі мүмкін

Қазақстан IT-қызметтерінің экспорты 2024 жылы 500 млн долларға жетуі мүмкін

Биыл IT-қызметтер экспорты жарты млрд долларға жетуі мүмкін. Елдің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай болжам жасап отыр. Осылайша, 2020 жылмен салыстырғанда 10 есе өсім тіркелмек. Ол кезде сырт елдерге экспортталған отандық IT-өнімдердің көлемі 50 млн доллар шамасында болған.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта 2026 жылға қарай АҚШ валютасында 1 млрд-тық межені бағындыруды тапсырды. Соңғы жылдары Қазақстанның IT-қызметтері Испания, Бельгия және Греция мемлекеттерінің аумағында жақсы танылып келеді. Қазір бұл тізімнің аясы кеңеюде.

Сонымен қатар, бейінді ведомствоның мәліметінше, Қазақстан электронды үкімет саласындағы тың техникалық жетістіктерін жаһан нарқында, оның ішінде Орталық Азия елдерінде белсенді түрде ілгерілетуде.