Қазақстанда бидай экспортына шектеу енгізілді

Қазақстанда бидай экспортына шектеу енгізілді

Қазақстан 15 маусымға дейін астық пен ұнды экспорттауға шектеу енгізді. Құжат мемлекеттік тіркеуге жіберілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі хабарлады. Бұйрық күшіне енгеннен кейін оларды жеткізу бекітілген квота көлемінің шегінде қатаң түрде жүзеге асырылады. Сәйкесінше, елден 1 миллион тонна бидай және 300 мың тонна бидай ұны және қара бидай ұнын ғана экспорттауға болады. Айта кетейік, тиісті ведомство ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтып, бағаны тұрақтандыруға бағытталғанын хабарлады. Өз кезегінде АШМ елде ешқандай астық тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. Республикада жыл сайын 3 миллион тонна ұн өндіріледі, оның жартысына жуығы экспортқа шығарылады.