7 айда ЖІӨ 6%-ға өсті

7 айда ЖІӨ 6%-ға өсті

Қазақстанда биылғы қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ көрсеткіші 6%-ға өсті. Мұндай нәтиже өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларындағы қарқынның дамуымен байланысты. Атап айтсақ, өнеркәсіп 6,4%-ға артқан. Ең жоғары өсім Жамбыл облысында - 23%-ға жуық. Ал ауыл шаруашылығы 4%-ға өсіпті. Бұл көбіне мал мен құс еті өндірісінің артуына байланысты. Құрылыс саласы да 15,4%-ға өсім көрсеткен. Соның нәтижесінде, Маңғыстау облысында жұмыс көлемі екі есеге көбейген. Бес айда 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліпті. 2024 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Инвестиция көлемі 18,2%-ға өссе, сауда айналымы 7,8%-ға, көлік саласы 23,1%-ға артты.