Президент металлургиялық комбинат жұмысымен танысты
«Қарметте» қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс. Өндірістің тиімділігін арттырып, Теміртаудың экологиялық ахуалын жақсарту керек. Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Мемлекет басшысы металлургиялық комбинаттың жұмысымен танысты. Жаңа инвестордың өндірісті өркендету бағытында қабылдаған стратегиялық шешіміне баға берді.
Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарын Теміртау
қаласынан бастады. Еліміздің магниткасы атанып кеткен металлургия комбинатында
жылына 3,8 миллион тонна шойын өндіріледі. Мемлекет басшысына сляб пен блюм
шығаратын №2 конверторлық цех пен металл әзірлемелерін үздіксіз құю
машинасының жұмысы таныстырылды.

