2027 жылы Қазақстанда интернеті жоқ аймақ болмайды
2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Иә, Үкімет алдағы 2 жыл ішінде осындай шаруаны бітіреміз деп уәде беріп отыр. Демек, жалғайдағы ауылдарда тау басына шығып, жел қаққан желіні қуып жүретіндер болмайды деген сөз. Жасанды интеллект дейтін ескі де әрі жаңа министрліктің басшысы Жаслан Мәдиевтың сөзіне қарағанда, соңғы 3 жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылыпты. Айтпақшы, Қазақстанға енді Амазонның интернет желісі қосылатын болды. Оны да мерзімі 2027 жыл деп көрсетіліп отыр.

