АДБ 2021 жылы Қазақстан экономикасының 3,4% дейін өсуін күтуде

Биыл Қазақстан экономикасында өсім байқалады. Азия Даму Банкі осындай болжам жасады. Сарапшылар пікірінше, ЖІӨ өсім көрсеткіші 3,4%  дейін жетеді деп күтіп отыр. Оған бірқатар факторлар әсер етеді. Оның ішінде пандемиямен байланысты шектеулердің алынып тасталуы, мұнайдың қымбаттауы, сонымен қатар ОПЕК+ шеңберінде қара алтын өндірісінің артуы да себеп. Сарапшылардың пікірінше, елдің ішкі жалпы өнімі қаңтар-мамыр айларында 1,6% өсті, осыған байланысты тұтынушылық белсенділіктің қалпына келуі байқалды. Дегенмен машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс индустриясы да серпінділік танытты. Алғашқы 5 айда инвестициялар 25% астамға өскен.

Сонымен қатар 2022 жылға қарай Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,5% деңгейінде қалады деп күтілуде. Орталық Азияда да ЖІӨ-нің өсуі байқалады. Көрсеткіш сәуір айындағы болжаммен салыстырғанда 3,6% деңгейінде болмақ.

Авторы: Әсел Күшенғалиева