Қазақстанның алтын қоры 5 есе артқан
Қазақстанның алтын қоры 5 есе артып, 340 тоннаға жетті. Дүниежүзілік алтын
кеңесінің (WGC) деректеріне сүйенсек, бұл соңғы 15 жылдағы көрсеткіш. Жыл
басынан бері Ұлттық банк те металлды сатып алу саясатына ден қойған.
Қаңтар–ақпан айларының өзінде резервтегі алтын үлесі 22 пайызға артыпты. Бұған
алтын-валюта қорындағы доллардың көбеюі себеп болған. Өйткені Ұлттық банк
доллардың бір бөлігін бағалы металлға ауыстырған. Бұл резервті теңгерімді ұстау
мен қаржы саясатын дұрыс жүргізу үшін қолданылатын тәсілдердің бірі. Ал ең көп
алтын қоры бар мемлекеттер үштігін WGC есебі бойынша АҚШ бастайды - 8 мың
тонна. Одан кейін Германия, оның бағалы металдар резерві 3 мың тонна, ал үшінші
орында Италия - шамамен 2,5 мың тонна алтыны бар. Қазақстан бұл санатта 18-ші
орында. Ал Орталық Азияда бірінші орында.

