Биыл «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығының құрылысы басталады

Биыл «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығының құрылысы басталады

Биыл тамызда «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығының құрылысы басталады. 

 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, оны Қазақстанның Түркістан өңірі мен Өзбекстанның Сырдария облысының аумақтарында салу көзделіп отыр. Бұл 100 гектар аумақты қамтитын жабық кешен болмақ.  Орталықта өндіріс пен көтерме саудаға қажетті барлық жағдай жасалады. Ал өндірілген өнім екі елдің нарығына жөнелтіліп, үшінші мемлекеттерге де экспортталатын болады. 

 

Соның нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымының көлемін 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. Халықаралық орталықтың құрылысы 2027 жылға дейін аяқталады деп күтілуде.