Маңғыстауға 3 трлн теңге инвестиция тартылды

Маңғыстауға 3 трлн теңге инвестиция тартылды

Маңғыстау облысында соңғы үш жылда негізгі капиталға 3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Соның арқасында су тұшытатын зауыт, мұнай өңдейтін кәсіпорын қайта жаңғырды. Құбыр шығаратын ірі өндіріс орны ашылды. Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмалары осылай жүзеге асырылуда. Биылдың өзінде аймақта 17 инвестициялық жоба іске қосылып, 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылған.

Полипропилен қап пен ыстық температураға төзімді биг-бэктер шығаратын - «WestEcoPlast» зауыты 100-ден астам адамды жұмыспен қамтыған. Өндіріс орнының өнімі химия, жол құрылысы және тамақ өнеркәсібінде жүк тасымалдау үшін қолданылады. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан зауыт салықтан босатылған. Бұл инвесторларға жасалған мүмкіндік бірі дейді зауыт басшылығы.

Кирилл Демченко, WestEcoPlast зауытының директоры:

- Арнайы экономикалық аймақтың ішінен біздерге жер бөлінді төлемсіз, тағы налогтардан босатуға көмектесті. Біздің алып келген оборудование ндс налогынан босатылды. Біздің кіргізіп жатқан ішкі заттарымыз налогсыз кіріп жатыр. Сол қарайған пайда алып келіп жатыр біздің өндірісімізге.

Жыл басынан бері Маңғыстауда 17 инвестициялық жоба іске асырылды. Қазір «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Талғат Сахтағанов - Маңғыстау облыстық өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Ағымдағы жылдың 10 айында 854 млрд теңге инвестиция салынды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3% өсім байқалады. Инвестициялардың құрылымдарына келетін болсақ бұл әрине дәстүрлі түрде өңірімізде мұнай-газ секторына салынған инвестициялар үлесі өте жоғары 45% құрап отыр. Алайда өңдеу өнәркәсіне салынған инвестициялардың үлесі 7% құрап отыр.

Жауаптылардың айтуынша, алдағы бес-алты жыл көлемінде Маңғыстауда 53 жаңа инвестициялық жоба іске аспақ. Қазір осы бағытта жұмыстар жасалуда.

Авторы: Айман Нұрмағанбет