ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Тиісті өзгерістер еліміздің Ұлттық экономика министрлігінде де дайындалуда. Ведомствода жоспардан тыс тексерулер ерекше жағдайларда, мысалы, адам өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін құқықбұзушылықтарды жою үшін жүргізілуі мүмкін екені түсіндірілді. Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды. Еске салайық, елімізде коммерциялық нысандарды тексеруге тыйым 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.