АЭС-тен қорқатын заман артта қалды – Бауыржан Ибраев
АЭС-тен қорқатын заман артта қалды. Себебі, қазір атом энергетикасы әлемдегі ең қатаң ережеге сүйене реттелетін салалардың біріне айналды. Танымал академик Бауыржан Ибраев осылай дейді. NNWI халықаралық ұйымының өкілі жаңа энергоблокта қорғанысты өшіру, апаттық салқындату жүйелері және резервтік қуат көздері бар. Бұл АЭС-тің толық қауіпсіз өндіріс екеніне дәлел. Сонымен қатар, реакторларды бақылау және басқару үшін озық технологиялар пайдаланылады. Олар операторларға жүйедегі кез келген ауытқуларды анықтауға және ақау пайда болғанға дейін түзету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Бауыржан Ибраев, академик, NNWI халықаралық ұйымының өкілі:
– Радиофобиялық қорқыныш көбінесе радиация және оның адам денсаулығына әсері туралы қате ақпарат пен қате түсініктерге негізделген. Қазір өздеріңіз білетіндей дамыған елдердің бәрінде АЭС бар. Атом электр станцияларының және басқа көздердің әсер ету деңгейі адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деңгейден айтарлықтай төмен екенін түсіну керек.

