Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды. 62 жастағы Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы міндетінде отыр.