2028 жылға қарай қазақстандық автокөлік экспорты 3 есе артуы мүмкін

2028 жылға қарай қазақстандық автокөлік экспорты 3 есе артуы мүмкін

Алдағы 4 жылда Қазақстанда жиналған көліктердің экспорты 3 есе артады. Бұл – еліміздің машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген басымдықтардың бірі. Құжат саланың өндіріс көлемі мен инвестициялық ағынын арттыру және білікті мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруге де ықпал етпек. Сарапшылардың болжамына сәйкес, жоспардың орындалуы машина жасау өнімдерінің жалпы қосылған құнын төрт жарым есе, нақты көлем индексін екі және инвестиция тарту көлемінің бір жарым еселік өсімін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Жалпы кешенді жоспар 7 бағыт, 79 іс-шарадан тұрады. Айта кетейк, отандық машина жасау индустриясы тұрақты түрде өсім көрсетуде. Былтыр өндіріс қарқыны 11%, ал биылдың 10 айында 30% жуық ұлғайған. Нәтижесінде үстіміздегі жыл басынан 3,3 трлн теңгенің өнімі шығарылды.