Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% дейін көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% дейін көтерді

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді. Баспасөз хабарламасы сағат 13:00-де жарияланды.