Тау-кен саласындағы бірлескен инвестициялық жобалар талқыланды

Тау-кен саласындағы бірлескен инвестициялық жобалар талқыланды

Тау-кен, металлургия саласындағы инвестициялық жобалар Ақордада талқыланды. Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады. Игорь Алтушкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берді.