Қазақстан Ұлыбританиямен ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан Ұлыбританиямен ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Ұлыбритания өзара климаттың өзгеруіне қарсы күрес және су ресурстарын басқару бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейтуге мүдделілік танытуда. 

Аталған еуропалық мемлекет еліміздің маңызды сауда серіктесі болуымен қатар ірі инвесторлардың бірі саналады. Бұл  бағытта да әріптестік әлеует зор. 

Мәселен 2005 жылдан бері Ұлыбританиядан Қазақстанға 17 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Жалпы Астанада өткен қос елдің дипломаттарының кездесуі барысында тараптар қазақ-британ саяси диалогын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың жолдары талқыланды. 

Сондай-ақ, Сұхбаттасушылар елдеріміздің арасында Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына ниеттерін білдірді. Бұған қоса, құжат екі жақты көзделген негізгі бағыттарға қол жеткізумен бірге сауда-инвестициялық әріптестікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. 

Бұл ретте, былтыр Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 1,18 млрд долларды құрағанын айта кету керек.