Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Ұлттық банк базалық
мөлшерлемені көтерді. Енді ол – 18 пайызға тең. Бұған дейін 7 ай көлемінде 16,5
пайыз болып тұрған еді. Ведомство мұны инфляцияны тежеу қадамы ретінде
түсіндіріп отыр. Ұлттық банк бір жыл ішінде осымен екінші рет базалық
мөлшерлемені көтерді. Соңғы рет биыл наурыз айында өзгеріп, 15,25 пайыздан 16,5
пайызға көтерген еді. Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын
басқару тетігі. Оның негізінде екінші деңгейлі банктер кредит пен депозит
саясатын жүргізеді. Ұлттық банк дерегінше, қыркүйекте жылдық инфляция 12,9%-ға
жеткен. Ол азық-түлік, қызмет көрсету құны мен жанармайдың қымбаттауы әсерінен
өскен. Сондықтан ішкі сұраныстың жоғары болуы және белсенді бюджеттік
саясатының жүруі инфляцияға қысымды күшейткен. Осыны тежеу үшін ведомство
мұндай шешім шығарып отыр.

