Қазақстанда 2025 жылға дейін 4 болат құю зауыты салынады

Қазақстанда 2025 жылға дейін 4 болат құю зауыты салынады

Қазақстанда 2025 жылға дейін 4 болат құю зауыты салынады. Бұған қоса  кокс өндіретін екі кәсіпорын және 5 ферроқортпа зауыты іске қосылмақ. Қара металлургия саласындағы жобаларды іске қосу 1,2 млрд доллар көлеміндегі импортты алмастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан шет елдерге 3 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттай алады. Сонымен қатар  түсті металл өндірісінде де 11 жоба қолға алынады деп жоспарлануда.

Қайырбек Өскенбаев,  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі:

– Алюминийден өнім өндіру бойынша 6 негізгі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл экспорт көлемін 645 млн АҚШ долларына арттыруға мүмкіндік береді. Мыстан дайын бұйымдар шығаратын 3 зауыттың құрылысы жоспарлануда. Бұл да экспорт көлемін 200 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді.