Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

Білім беру жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және университеттерге академиялық қолдау. Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте білім мен заманауи өмірлік дағдыларды оқыту саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалдамен кездесуде аталған тақырыптарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстанда Microsoft-тың жұмысын кеңейту, оның ішінде IT-зертхана ашу, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жоспарларды Мемлекет басшысы Орталық Азия аймағы бойынша компанияның бас менеджері Мишель Симмонспен кездесу кезінде нақтылады. Сондай-ақ, Клаус Швабпен жүздесуі кезінде ол Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды.