Қазақстан мен Испания жерасты суларын барлауда әріптестік орнатады

Қазақстан мен Испания жерасты суларын барлауда әріптестік орнатады

Қазақстан жерасты суларын барлау ісінде инновациялық технологияларды қолдануға ниетті. Бұл бағытта испаниялық компаниялардың бірі елімізбен нытымақтасуға  әзір. Әріптестік аясы пайдалы қазбалар мен өзге де ресурстар, соның ішінде су карталарын асқан дәлдікпен жасауға қатысты болмақ. Бұндай тәсілмен алынған ақпарат тіршілік нәрін іздеуде өз септігін тигізіп қана қоймай, шығынды да азайтады. Тың әдіс қазір Аустралия, Канада, АҚШ және Еуропаның бірқатар елдерінде кәдеге жаратылуда.

 

Бексұлтан Бегалиев, ҚР Су ресрстары және ирригация министрлігі басқарма басшысы:

– Біз экономикада және ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында қайта қалпына келетін жерасты суларын пайдалану үлесін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан Испанияның су ресурстарын барлау тәжірибесі біз үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Биыл біздің мемлекеттеріміздің стратегиялық әріптестігіне 15 жыл болды. Су - стратегиялық ресурс, сондықтан біз екіжақты ынтымақтастықтың барлық мүмкін бағыттарын міндетті түрде қарастырамыз.