Маңызын жоғалтпаған МАЭК
Қазақстандағы алғашқы атом электр комбинаты 1973 жылы Ақтау қаласында салынған. Бірақ, жиырма жылдан аса жұмыс істеген БН-350 реакторы қазір тоқтап тұр. Соның өзінде қайта қуат беруге қауқары бар. Өйткені, кадрлық базасы мен жүйе сол күйі сақтаулы. Тіпті халықаралық тәжірбиелер де өтіп тұрады. Жалпы, жұрт МАЭК деп атап кеткен орталықтың қазіргі жай-күйі қалай?
Әлем назары ауған алғашқы жылдам нейтрондық реактор Ресей
аумағына орналасады деп жоспарланған. Бірақ күллі одақтың экономикасына серпін
беріп тұрған мұнай өндірісі үшін электр мен ауыз су қажет еді. Сондықтан, билік
тұрақты қуат көзімен әуелі Ақтау қаласын қамтамасыз етуді шешті.

