Бүгіннен бастап Сиань-Алматы арасында жолаушылар пойызы қатынайды

Бүгіннен бастап Сиань-Алматы арасында жолаушылар пойызы қатынайды

Енді Сианьға тек ұшақпен жетпейсіз. Қаласаңыз билетті пойызға да аласыз. Бүгіннен бастап Алматыдан Қытайдың бұл қаласына тікелей жолаушылар пойызы жолға шықты. Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл Қазақстандағы Қытай туризм жылы аясында ұйымдастырылып отырған шараның бірі. Бұдан бөлек Алматыдан Бұхараға дейін туристік пойыз қатынайтыны айтылды. 2024 жылы Алматы–Түркістан–Ташкент–Самарқанд–Бұхара бағыты бойынша «Jibek joly» және «Keruen Express» деп аталатын темір жол бағыттары ашылған. Айына 5 рет рейс орындайды. Туризм мақсатындағы теміржол қатынасы наурыздан бері Балқаш–Алматы бағытында да ішкі рейстерді орындауда.