Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрылыс саласында әріптестікті кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрылыс саласында әріптестікті кеңейтуге ниетті

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Кореяның құрылыс және құрылыс технологиясы институты арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қазақстандық тарап атап өткендей, құжат республиканың инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды. Әсіресе еліміздің территориясы мен әртүрлі климаттық жағдайларын ескере отырып, белгілі бір құрылыс нормалары мен стандарттары қажет. Корей тарапы екі мемлекеттің ғылыми қауымдастығы арасындағы тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.