Бюджет кірісі 17 трлн теңгеден асады
Өңірлерге
инвестиция тарту - өнбей тұр. 20 облыстың тек 11 – і ғана тиісті нәтижеге қол
жеткізген. Ал жоспарды орындай алмаған 9 өңір әкіміне Премьер-министр ескерту
жасады. «Бұл жағдай Өңірлік инвестициялық штабтар жұмысында олқылықтардың
барын көрсетеді»,-деді ол. Үкімет мүшелері бүгін 9 айды қорытындылады.

