Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалу көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

2021 жылмен салыстырғанда 15% көп. Бұл туралы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде қос тарап Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамытуда ынтымақтастықты кеңейте түсуге дайын. Еліміз жаңа жобаларға ерекше көңіл бөлуде. Атап айтқанда, Достық-Мойынты учаскесінде жаңғырту жұмыстары  жүргізіліп, Бақты-Тачэн учаскесінде үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы басталмақ.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қытай-Азия-Еуропа дәлізі бойынша тасымал көлемі бір айда 218%-ке артқан.