Жаңа мұнай-газ кен орындары ашылады

Жаңа мұнай-газ кен орындары ашылады

Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән береді. Бұл бағытта Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынып жатыр. Анабай, Рожков және Өріктау Шығыс сияқты жаңа кен орындарын игеріліп жатыр. Биыл ұзындығы 300 шақырым «Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ құбыры пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталған. Ол үшін алты миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Аталған жобалардың бәрі энергетикалық әлеуетті нығайтып қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына ықпал етеді.