Онлайн платформалардан түсетін салық көбейіп келеді
Ал, Google соңғы үш жылда Қазақстанға 58 миллиард теңге салық төлепті. Күнделікті өмірімізге дендеп енген онлайн платформалар, сауда алаңдары да бүгінде бюджетке әжептәуір ақша құйып отыр. Жалпы, осындай 120 ға жуық компания елде ресми тіркелген. Көш басында қайсысы, келесі жылы қай компаниялар салық төлеуге міндеттеледі?
Маркетплейстерге салық салу басталған 2022 жылы Google Қазақстанда ең көп салық төлеуші болған еді. Биыл көш басында IHERB компаниясы. Медициналық препараттар мен түрлі витаминдер сататын онлайн дүкен қазынаға 11,8 млрд теңге аударған. Одан кейін 9,4 млрд теңгемен Apple компаниясы тұр. Google биыл үшінші орында. 9,3 млрд теңге. Ал, Valve Corporation 8,8 млрд болса, Meta платформасы 6,6 млрд теңге салық төлеген.

