Түркістандық жастар Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады

Түркістандық жастар Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады

Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады. Мұндай мүмкіндік келер жылы Түркістанда ашылатын WOSONG университететінің түлектеріне берілмек. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баспасөз мәслихатында айтты. Жаңа білім ордасының студенттері киберқауіпсіздік, компьютерлік инженерия және дата сайнс мамандықтарын меңгере алады.

Айта кетсек, алдағы екі жылда елімізде WOSONG университететімен қатар, әлемдегі жетекші университеттердің тағы 4 кампусы ашылмақ.